13 қаңтар 2022 14:31

ҰҚК Мәсімовпен бірге тағы кімдер ұсталғанын хабарлады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасарлары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасарлары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, бұрынғы төраға Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша соталды тергеуді жалғастырып жатыр.

Осы іс бойынша билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегіне қатысты қосымша соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

"Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - "А" арнайы мақсаттағы қызмет бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілі тергеу жалғасатынын мәлімдеді.

Еске салайық, осыған дейін ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Ол 6 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети