10 қыркүйек 2024 | 11:50

ҰҚК Шығыс Қазақстанда екі еуропалықты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: gov.kz Көрнекі сурет: gov.kz

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды: тәркіленген есірткінің құны 3,5 миллиард теңгеден асқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды: тәркіленген есірткінің құны 3,5 миллиард теңгеден асқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен ҰҚК-нің облыс бойынша департаменті Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметін әшкереледі.

"Заңсыз айналымнан 630 мың бір реттік үлеске баламалы 125 келі астам "мефедрон", 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 келіге дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буын зертханалық жабдықтар тәркіленді. Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынғаны айтылды.

ҚР ҚК-ның 297-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети