14 қараша 2022 17:32

ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті: шетел азаматы ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Арнайы операция прокуратурамен бірлесіп жүргізілген.

Ресми деректерге сәйкес, қылмыстық топ Қазақстан, Өзбекстан және Ресейдің мемлекеттік шекаралары арқылы шекарадан өтуге шектеу қойылған тұлғалардың заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыруға маманданған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қылмыстық топтың белсенді мүшесі саналатын шетел азаматы заңсыз сипаттағы қызмет көрсеткені үшін 700 000 теңге көлемінде ақша алған кезде ұсталды.

Шетел азаматына және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы 2-бөлігі ("Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети