13 сәуір 2018 17:03

Украинада қақтығысқа қатысқан теміртаулықтың соты өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © РИА Новости © РИА Новости

Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысты және екі адамды өлтірді деген күдікпен теміртаулық сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украинадағы қарулы қақтығысқа қатысты және екі адамды өлтірді деген күдікпен теміртаулық сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралып жатыр. Іс материалдарына сәйкес, Теміртау қаласының 31 жастағы тұрғыны Қазақстан азаматы бола тұра екі рет заңсыз түрде Украина аумағына шығып өздері жариялаған Луганский Ұлттық Ресбуликасы жағына шығып, қарулы ұрыстарға қатысқаны айталады. Олар Украинаның қарулы күштеріне қарсы соғысқан. 

"Бірінші рет ол 2015 жылы ақпанда барып желтоқсан айының соңына дейін болған. Екінші рет 2016 жылы мамырда барып, Украинада 2017 жылдың ақпан айына дейін болған. Өткен жылы елге оралғаннан кейін күдікті танысымен бірге көлік жөндеу цехында жұмыс істей бастаған. Гаражды жалға алуына байланысты күдікті мен досы гараж иесімен бірнеше рет жанжалдасқан. Бір күні осындай жанжалдан соң күдікті гараж иесі мен оның туысын өлтіруді ойлайды. Сотталушы тапаншамен біреуінің басынан атып, екіншісін өлтіруге кіріседі. Екі қылмыс та аса қатігездікпен және жақын қашықтықта істелген", - делінген іс материалында. 

Осы қылмыстан соң күдікті мен досы белгісіз бағытта жасырынуды шешкен. Көп ұзамай олар ұсталды. Украинада қарулы ұрыстарға қатысқан күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылған. Ал оның серігіне ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша айып тағылған. Сотта тараптардың тыңдалымы жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети