25 қараша 2019 11:08

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директорына қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамазан Әлімқұлов. Фото:facebook.com Рамазан Әлімқұлов. Фото:facebook.com

Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директоры Рамазан Әлімқұлов пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директоры Рамазан Әлімқұлов пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рамазан Әлімқұловқа қонақүй қызметі бойынша келісімшартты үзбеу, атқарылған жұмыстар актіне кедергісіз қол қою, қызметте қолдау көрсету үшін 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған. 

22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Әлімқұловты пара алғаны үшін кінәлі деп тауып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. 

Рамазан Әлімқұлов 2019 жылдың мамырында ұсталған болатын. 

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ, кешендік тестілеу, орта және жоғары білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау, педагогикалық қызметкерлердің білігін тестілеу, КАСТЕСТ жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау секілді емтихандарды өткізеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети