23 қараша 2022 09:02

Ұлытауда заңсыз алтын қазған қылмыстық топ ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардан жауынгерлік және травматикалық тапаншалар мен патрондар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлытау облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олардан жауынгерлік және травматикалық тапаншалар мен патрондар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлытау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлытау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері карьерлердің бірінің аумағында жедел іс-шаралар жүргізді. Полиция қызметкерлері алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан 30 және 41 жастағы жеті ер адамды ұстады. Оқиға орнынан экскаватор, су айдауға арналған құбырлар мен шлангтар, бір бөшке жанармай және 83 қап алтын кені тәркіленді", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты ұйымдастыруға қатысы 23 және 34 жастағы екі ер адамды ұстады. Бірінші көлікті тексеру барысында бес патрондары бар тапанша табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тапанша атуға жарамды болып табылды.

Екінші көліктен полицейлер үш патронмен бірге травматикалық тапанша тапты. Сараптама қорытындысы бойынша қару атуға жарамды.

ҚР ҚК-нің 334-бабы (Жер қойнауын өз бетінше пайдалану) және ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети