Үсенов ісі жуырда қайта қаралады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Іnfozakon.com ©Іnfozakon.com

Прокуратура Үсеновке қатысты сот шешіміне наразылықты түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Біз сот қаулысын оқыдық. Қосымша тексеру шаралары жүргізіліп, Мақсат Үсеновтің жазасына назарылық білдіру туралы шешім шығардық. Біз Үсеновке тағайындалған жаза оның әрекеті мен ол жасаған құқық бұзушылықтың сипатына сай келмейді деп есептейміз", - деді Алматы қалалық прокуратурасының соттарда мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі басқармасының бастығы Бауыржан Шәрібаев. Мемлекеттік айыптаушылар Үсеновті көлік басқару құқығынан екі жылға айырып, 45 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын беруді сұрайды. Шәрібаевтың түсіндіруінше, 45 тәулікке тұтқындау - Әкімшілік кодекстің "Көлік басқарушы тұлғалардың жол қозғалысы мен көлікті пайдалану ережесін бұзуы" бабы бойынша жазаның ең үлкен мерзімі. Үсеновтің тергеу изоляторында өткізген уақыты жазалау шарасы болып есептелмейді, 45 тәулікке қамау - бөлек жаза. Прокурорлардың есептеуінше, айыпталушының көлік басқару құқығынан екі жылға айыру жазасы да бұған дейін берілген мерзімге қосымша тағайындалуы тиіс, яғни ол 2017 жылға дейін көлік жүргізбеуі керек. Егер сот жазаны ауыстырса, 250 АЕК көлемінде айыппұл төлеу жазасының күші жойылады. Прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңін бақылау жөніндегі басқармасының бастығы Ерлан Меңдешев болса, айыпталушы жасаған қылмыстың онша ауыр емес деп саналатынын айтып отыр. Жол-көлік оқиғасы қасақана жасалмағандықтан тараптардың ымыраласуы бойынша істің тоқтатылуы заңды. "Халықаралық тәжірибеде автокөлікті есірткіден немесе алкогольден мас күйде немесе көлік жүргізу құқығынсыз басқарған адамға өте қатал жаза қолданылады. Бізде дәл сондай жағдай. Сол себепті Бас прокуратура жаңа Қылмыстық кодекстің осыған қатысты бабына өзгерту енгізіп отыр. Енді мұндай әрекет ауыр қылмыс түрі болып есептеліп, айыпталушыға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Ал "Ымыраласуға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату" бабы адам өліміне соқтырған ауыр қылмыстар бойынша қолданылмайды", - дейді Меңдешев. Меңдешев Үсеновке қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын атап өтті. Бұл оқиға бойынша Мұрат Қарабалиннің әкесі жәбірленуші деп танылды, жәбірленушілер қатарын көбейтуге жол берілмейді. Әкімшілік іс Алматы қалалық сотында жақын арада қайта қаралады. Еске сала кетейік, қоғамда наразылық туғызған жол-көлік оқиғасы 2013 жылдың 3 желтоқсанында болды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 521.22  course up  601.59  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer