Әлеуметтік желілерде Алматыда адамдарды қасақана қаққан жол апатының жаңа видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Алматыда адамдарды қасақана қаққан жол апатының жаңа видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрлар Instagram желісіндегі almaty_chp парақшасында жарияланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болған еді. Видеода бір топ жігіттің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады.
Айта кетейік, Алматы полициясы көліктің адамдарды жаппай қаққаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты. Оқиға 26 тамызда шамамен таңғы 5-те Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Себеп - көрші тұрған екі көңіл көтеру орнына келгендердің арасындағы жанжал шыққан.
Кейін жаяу жүргіншіні әдейі қағып кеткен бір күдікті ұсталғаны хабарланған. Артынша оқиғаға қатысы бар екі автокөлік те табылып, мамандандырылған автотұраққа орналастырылды.