09 қазан 2022 10:16

Үш ай бұрын іс-түссіз жоғалып кеткен қарағандылық тұрғын өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz сайтынан Фото: Polisia.kz сайтынан

Қарағандыда 33 жастағы қала тұрғыны 15 шілдеден бастап із-түссіз жоғалуына байланысты оған іздеу жарияланған. Оның нақты мекенжайын анықтау шаралары екі айдан аса уақыт жүргізілді. Полиция қызметкерлерімен бірге жоғалған азаматты іздеуге оның жақындары, еріктілер жұмылдырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері азаматты анықтау жұмысына барлық күш құралдарды жұмылдырып, оның жақындары мен таныстары бойынша да ақпараттар жинады.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері барысында криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған азаматты өлтірді деген күдікпен 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол жәбірленушімен сөзге келіспеушілік барысында оған дене жарақаттарын келтіріп, қылмысын жасыру мақсатында мәйітті жер үйлердің бірінің қорасында көміп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді", - деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети