13 маусым 2020 11:53

Үш ер адам мен әйел ақтөбелікті ұрлап әкетіп, миллион теңге бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: bigmir.net Көрнекі сурет: bigmir.net

Үш ер адам және әйел ақтөбелікті ұрлап әкетіп, миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.


Үш ер адам және әйел ақтөбелікті ұрлап әкетіп, миллион теңге бопсалаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақтөбе облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

4 маусымда Ақтөбе облысының Полиция департаментіне 28 жастағы ақтөбелік шағымданған. Ол белгісіз біреулер оны ұрлап, Жұбановтар көшесінің бойындағы бір пәтерде ұстап, ақша бопсалағанын айтқан.

Аталған мекенжайға шұғыл-тергеу тобы барып, үш ер адам мен қызды ұстаған. Олардан "ОСА" травматикалық тапаншасы алынған. Сондай-ақ ұсталғандардың біреуіне тиесілі Mercedes көлігін тінтіген кезде қолдан жасалған пышық пен травматикалық тапанша табылған.

"Алдын ала тергеу кезінде ол өзінің ағасымен қаланың ескі бөлігінде болғанда күдіктілер екі көлікпен келіп, қарумен қорқытқаны және көлікке отырғызып, жалдамалы пәтерге алып кеткені белгілі болды. Пәтерде зардап шегушіні қорлап, 1 миллион теңге бопсалаған. Таңға қарай зардап шегуші, ұрлықшылар ұйықтап жатқанда, үстелдің үстінен көліктің кілтін алып, үшінші қабаттан секіріп, Полиция департаментіне келді", - делінген полицияның хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК "Адам ұрлау" 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды. Ұрлаған үш адам ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталды және Ақтөбе ПБ Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети