28 тамыз 2019 10:15

Үш жасар қызын зорлаған азғынға сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Түркістан облысында елді шошытқан атышулы іске қатысты сот нүкте қойды. Үш жарым жасар қызын аяусыз зорлап, денесіне 38 мәрте пышақ сұғып өлтірген азғын әке өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Алайда, 47 жастағы сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, жер қойнына тапсырылған бүлдіршіннің денесіне эксгумация жасатуды талап етті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.


Түркістан облысында елді шошытқан атышулы іске қатысты сот нүкте қойды. Үш жарым жасар қызын аяусыз зорлап, денесіне 38 мәрте пышақ сұғып өлтірген азғын әке өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Алайда, 47 жастағы сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей, жер қойнына тапсырылған бүлдіршіннің денесіне эксгумация жасатуды талап етті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Он ай тергеу абақтысында отырып, процесс өтіп жатқан залға айдауылмен жеткізілген басты айыпталушы сот залына еркін кірді. Қолындағы кісенді шешіп жатқан сәтте де оның бойынан ешқандай қобалжу байқалған жоқ. Тек, үкім оқыла бастаған кезде ғана екі көзін судьядан айырмай, сөзін мұқият тыңдауға кірісті.

Оған Қылмыстық Кодекстің 99-бабы, 2-ші, 3-ші, 5-ші және 14-тармақтарымен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серік Рахымбердиев Қылмыстық кодекстің үш бірдей бабымен айыпты деп танылған. Сондықтан оған еліміздегі ең ауыр жаза тағайындалды. Судья оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Осы сөзді естегенде, еш сыр бермей тұрған сотталушы есінен танып қала жаздады. Тіпті, судьядан қайта-қайта сұрап, соңында үкіммен келіспейтінін жеткізді.

Сұмдық оқиға Арыс ауданының аумағында былтыр күзде болған. 47 жастағы ер адам отбасымен бірге жалданып, мал баққан екен. Ен далада әйелі мен үш жарым жасар қызы үшеуі бірге тұрыпты. Өзі ішкілікке құмар екен. Сол күні жұбайының үйде жоқтыңын пайдаланып, 1.5 литр ішімдікті жалғыз өзі ішіпті. Сөйтіп, әбден масайған тұста, үйдегі қызын аяусыз зорлаған. Қала берді, денесіне 38 мәрте пышақ сұғып өлтірген.

"Іс-әрекеттер толық дәлелденген басты сот талқылауында. Зерттелген іс материалдарымен. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Өйткені, жәбірленушінің жасына қарай, 3,5 жасар қыз. Дене жарақаттарына қарай. Жалпы 38 рет жарақаттаған. Өлтірердің алдында осынай әрекеттер жасаған", - дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев.

Қылмыстық істі тергеу кезінде айыпталушы сот-медициналық, сот-биологиялық және сот-психиатриялық сараптамадан өткен. Нәтижесінде, ер адамның жантүршігерлік әрекетті жасағаны дәлелденген. Және оның ішімдікке тәуелді екені де анықталыпты. Ал, бүгінгі үкімді тыңдауға туыстарының ешбірі келмеді. Тек, қорғаушысы ғана отырды.

"Менің қорғауымдағы адам егер аппелацияға жаз дейтін болса, заң көмегін көрсетуге мәжбүрмін. Себебі, 67-бабпен Үкімет есебінен іске қатысып отырмын", - дейді сотталушының адвокаты Махмұт Тұрғанбаев. 

Дегенмен, сотталушы туған қызын пышақтап өлтіргенін мойындағанымен, зорламадым деп отыр. Тергеу ісіне де көңілі толмайтынын жеткізді. Сол үшін Бас прокуратураға да шағым түсіріпті. Қажет болса, бүлдіршінге эксгумация жасатуды талап етті.

Сот процесі бір жарым ай бұрын басталған. Осы уақыт аралығында үш мәрте сот процессі өтіпті. Отырысқа сотталушының туыстары мен жұбайы қатысыпты. Алайда, олардың ешбірі айыпталушыға кешірім бермеген. Лайықты жазасын алсын депті. Бірақ, сотталушының өзі болса, бүгінгі үкімге келіспей отыр. Ол енді аппелациялық шағым түсірмекші".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети