24 желтоқсан 2022 09:30

Вайнер Мейіржан Төребаев қаржы пирамидасы ісі бойынша сотта сөз сөйледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/meirzhach_tv © instagram/meirzhach_tv

Алматының Алмалы аудандық сотында Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасып жатыр. Айыпталушылар қатарында танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.


Алматының Алмалы аудандық сотында Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау жалғасып жатыр. Айыпталушылар қатарында танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Сот отырысында қаржы пирамидасын басқарды деген күдікке ілінген 12 айыпталушының өтінішхаты қаралған. Сот отырысы судья Кәмшат Саурованың қарауында онлайн режимде өтті.

Атышулы іс бойынша айыпталушылардың бірі Мейіржан Төребаев ұйымдасқан топ құру туралы бап негізсіз екенін айтты. Вайнер істі прокурорға қайтару туралы өтініш берді, өйткені оның пікірінше, тергеу кезінде заң бұзылған. Ол әйелін өзінің қорғаушысы етіп тағайындауды өтінді.

Қалалық прокуратураның аға прокуроры Ерлан Құранбаев бұл мәселені алдын ала тыңдауда талқылауға әлі ерте екенін айтты. "Оны басты сот талқылауы барысында тексеру керек. Оның қорытындысына қарай іс бойынша біліктілік анықталады", - деді прокурор.

Еске салайық, қазақстандық танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. Олар күдікті деп танылып, түрмеде отыр. Олардан басқа іс бойынша жауапкер, үшінші вайнер Әзімжан Саидбаев бар. Оған іздеу жарияланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети