13 желтоқсан 2022 | 08:58

Вайнерлер айыпталған оқиға: іс сотқа жолданды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы прокуратурасы танымал вайнерлерге қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша Алмалы аудандық сотына А.Құрманғалиев, Р.Бурканов, Д.Рахимова, Д.Ча, А.Рүстемов, Т.Касенов, С.Касенов, Н.Сұлтанбаев, М.Шерниязов, М.Төребаев, Б.Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.

Іс фигуранттары А.Ораз бен А.Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынды.

Іс бойынша айыптауды процестік прокурор қолдайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі ұзартылғанын хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети