Алматыда Розыбакиев көшесі уақытша жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Розыбакиев көшесі уақытша жабылады Фото:depositphotos.com

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.


Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.

17 сәуірде сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс екі бағытта толық тоқтатылады.



Бұған пайдаланылмайтын электр желілері тіректерін алып тастау жұмыстары себеп болды. Бұл шаралар қала көркін жақсартып, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Жүргізушілерге шектеуді ескеріп, жүретін бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

TengriAuto