18 тамыз 2022 16:40

Вайнерлер Төребаев пен Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/make_sakevich instagram.com/make_sakevich

Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал қазақстандық вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алу мерзімі тағы ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір Төребаев іс материалдарымен танысып жатқаны белгілі болды.

"Сот шешімі бойынша күдіктіге қатысты қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу кезеңінде 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", - деді Алматы қалалық соты өкілдері.

Шерниязовқа келсек, оны қамауға алу мерзімі 16 қыркүйекке дейін ұзартылған.

Еске салайық, бұған дейін танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. 

Әңгіме танымал блогерлер Мейіржан Төребаев, Азимжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов туралы. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Сәуірдің аяғында сот шешімі бойынша олар екі айға қамауға алынған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети