Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Венада Рахат Әлиевке қатысты сот кейінге қалды

24 Қыркүйек 2014, 16:22
0
Рахат Әлиев. ©Тengrinews.kz
Рахат Әлиев. ©Тengrinews.kz

Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев Венада әлі сот алдына келген жоқ - процесс нақтыланбаған мерзімге кейінге қалды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Вена прокуратурасының ресми өкілі Нина Бушек айтты.

Бұған дейін сот тыңдауының 16 қыркүйекте өтетіні айтылған еді. Оған дейін Рахат Әлиевті тұтқындау мерзімі аяқталуы тиіс болған. Прокуратураның мәліметінше, 12 қыркүйек күні тұтқынға алу мерзімі тағы ұзартылған, оның қай кезде аяқталатыны әзірше белгісіз. Сонымен бірге, Әлиев ісі бойынша айыптау қорытындысының әлі дайын емес екені, сол себепті соттың белгіленген уақытта өтпейтіні хабарланып отыр.

Австриялық прокурорлар Рахат Әлиевтен саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімі бойынша жауап алғалы отыр. Бұл қылмыс бойынша ҚР Парламенті Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев сотталған еді. 2014 жылдың ақпан айында істің жаңа мәліметтері пайда болды. Киллер Рустам Ибрагимов саясаткерді өлтіруге Рахат Әлиев пен ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев тапсырыс бергенін мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венада 5 маусым күні ұсталды. Оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ұрлануы мен өлтірілуі туралы іс материалдары негіз болды. Вена прокуратурасының өкілі Томас Вичай егер Рахат Әлиевтің адвокатынан тиісті өтініш түссе, айыпталушының қамаудан кепілдікпен босатылмайтынын айтты.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай