Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астана Венадан Әлиевке айып тағылғаны туралы ақпарат алмады

08 Қаңтар 2015, 12:58
2
Рахат Әлиев. ©Krone.at
Рахат Әлиев. ©Krone.at

Қазақстан Австрия прокуратурасының Рахат Әлиевке кісі өлтірді деген ресми айып таққанын растайтын ақпар алған жоқ, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Қадағалаушы орган "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жолдаған сауалға: "Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аталған деректі растайтын ресми ақпар алған жоқ", - деп жауап берді. Бас прокуратураның мәліметінше, желтоқсан айының соңында Австрияның бұқаралық ақпарат құралдары "Вена прокурорлары Рахат Әлиевке "Нұрбанк" АҚ-ның қос менеджері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновті өлтірді деген ресми айып тақты" деген ақпарат таратқан.

2007 жылға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі болған Әлиев 2008 жылы өз елінде аса ауыр қылмыстар жасауға, соның ішінде, отанын сатуға және мемлекеттік төңкеріс жасауға айыптау бойынша барлығы 40 жылға сотталды. Әлиев 2007 жылдың көктемінен бері шетелде жасырынып жүргендіктен сот үкімі сырттай шығарылды.

Австрияның құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті өткен жылдың 5 маусымы күні Венада ұстады. Қазақстанның Бас прокуратурасы оны ұстауға "Нұрбанк" АҚ топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің ұрлануы мен өлтірілуі бойынша тергеу материалдары негіз болғанын хабарлады. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай