24 қыркүйек 2020 08:26

"Шәйнекпен күйдіріп, зорлады". Қарағандылық 22 жыл құлдықта өмір сүргенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

39 жастағы Мәдина Аманбаева өмірінің көп бөлігін Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында шалғайда жатқан фермада өткізген. Ол жерде оны еріксіз ұстап, оған түрлі зорлық-зомбылық жасалған. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


39 жастағы Мәдина Аманбаева өмірінің көп бөлігін Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында шалғайда жатқан фермада өткізген. Ол жерде оны еріксіз ұстап, оған түрлі зорлық-зомбылық жасалған. Бұл туралы "Астана" телеарнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, ол балалар үйінен бірден фермаға келген. Шаруашылық иелері тамақ, жеке бөлме береміз, монша саламыз және велосипед алып береміз деп уәде еткен. Алайда оның орнына Мәдина 22 жыл азап көрген.

Ол соққыға жығылғанын, қасккөйдің ыстық су құйып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтты. Таңнан кешке дейін шаруашылықта тегін жұмыс істеген. Фермада балалары дүниеге келген. Алайда сюжетке сүйенсек, ол өзін фермада күштеп ұстағанын дәлелдей алмай отыр. 

"Жаман өмір сүрдім. Ер адамдармен төсекке жатқызатын, ұратын, шәйнекпен күйдірді, арқамнан таяқпен ұрды. Бүйрегімнен тебетін. Кім ұратын? Шаруашылық иесі мен әйелі. Және ағасы болатын", - деп еске алады ол. 

Қазір құқыққорғаушылар полицейлерден тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Олардың айтуынша, бұл - жалғыз жағдай емес. Қарағанды облысында жыл ішінде адам сату және заңсыз бостандығынан айырумен байланысты 5 қылмыстық іс жабылған.

Мәдина мамыр айында полицияға бар жағдайды айтып берген. Бірақ шаруашылық иелері кінәміз жоқ деп отыр.

"Ақша төледік. Қамап ұстамадық. Кетуіне болатын еді", - деген олар.

Нәтижесінде "Заңсыз бас бостандығынан айыру" ісі жабылған. Құқыққорғаушылар елді мекендерден жүздеген шақырым алыста жатқан қыстақтан кету оңай емес екенін айтады. Ал полицейлер мұны ескермеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети