20 қазан 2021 16:42

Юрий Дудьке 100 мың рубль айыппұл салынды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеудің Зюзинский соты блогер Иван Гай және рэпер Моргенштернге берген сұхбатында есірткіні насихаттағаны үшін блогер, журналист Юрий Дудьке 100 мың рубль (шамамен 600 мың теңге) көлемінде айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Сот қаулысымен Юрий Дудь кінәлі деп танылды, оған 100 мың рубль көлемінде айыппұл салынды", - деді агенттіктің сұхбатшысы.

Дудь сот отырысына келмеді. Оның адвокаты Ильнур Шарапов сот шешіміне шағым түсетінін мәлімдеді.

Еске салайық, "Қауіпсіз интернет лигасы" қоғамдық ұйымы полицияға Юрий Дудьтің видеосына қатысты желіге қауіпті сипатта деп шағымданған. Сарапшылар Дудьтің блогер Иван Гай және рэпер Моргенштернге берген екі сұхбатында да есірткіні насихаттау белгілерін анықтады.

Блогерге РФ ӘҚБтК 1.1-бабының 6.13-бөлігі ("Интернетті пайдаланып, есірткі құралдарын насихаттау") бойынша айып тағылып, 1,5 миллион рубльге дейін айыппұл салынды. Маусымда сот Дудьтің ісін полицияға қайта қарауға жіберген.

Бұған дейін Моргенштернде де осыған ұқсас жағдай болған. Сот оның екі әнінде есірткіні насихаттау белгісі бар деп шешіп, 100 мың рубль айыппұл салған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети