29 желтоқсан 2017 | 13:05

"Зорлау дерегін мойындамады" - Назерке Әріптің анасы сот үкімімен келіспей отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назерке Әріп. Сурет отбасының мұрағатынан Назерке Әріп. Сурет отбасының мұрағатынан

Назерке Әріптің анасы қызын өлтірген Құрбан Исхаковқа қатысты сот шешіміне байланысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Назерке Әріптің анасы қызын өлтірген Құрбан Исхаковқа қатысты сот шешіміне байланысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сауле Сарыбаева сот үкімімен келіспейді және апелляцияға бермек. Ол ер адамды өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етіп отыр. 

"Апелляцияға береміз, оны өмір бойына сотталғанын қалаймын, бостандыққа шықпау керек. Ол рецидивист. Орны түрмеде. Бірнеше қылмыс жасаған адам түзелмейді, қайта жасайды. Оның үстіне жас, 33-те ғана. 10 жылдан кейін шығып, қайта қылмыс жасамайтынына кім кепіл", - дейді әйел. 

"Сот зорлық дерегін мойындамады. Дәлел жоқ дейді. Дегенмен судья да, прокурор да не үшін өлтіргенін түсініп отыр - зорлығын жасыру үшін. Қыз оның зорлағанын айтып қояды деп қорыққан, сол үшін өлтірді. Ол біздің ауданда өмір сүрді. Қызым оны кез келген уақытта көріп қалу мүмкін екенін түсінді. Танымайтын адамды жайдан-жай не үшін өлтіреді?" - деп ойын білдірді Сарыбаева. 

"2002 жылы ол біреуді зорламақ болған, ол кезде 11 жыл орнына 8 жыл отырды. Сотта ол әйел жынысқтық қатынасқа түспейтінін білгендіктен өлтіргенін мойындады. Зорлық болды, қызымды екі айдан кейін ғана тапқандықтан дәлел болмай отыр", - деп аяқтады Назерке Әріптің анасы. 

Мұның алдында, айыпталушы Құрбан Исхаковтың 21 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болған. 

Еске салайық, 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген такси жүргізушісі ұсталған еді. "Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам кінәсін мойындады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Еске салайық, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейінбайланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. 

Назерке Әріп - биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.

Мұның алдында 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұраған еді. 

Ал 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылғанеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети