29 желтоқсан 2017 08:53

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктіге сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© www.inalmaty.kz © www.inalmaty.kz

Алматыда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 18 жастағы мектеп түлегі Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктіге сот үкімі шықты. Сот жабық режимде өтті, - деп хабарлайды InAlmaty.kz.


Алматыда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында 18 жастағы мектеп түлегі Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктіге сот үкімі шықты. Сот жабық режимде өтті, - деп хабарлайды InAlmaty.kz.

Айыпталушы Құрбан Ысқақов 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда өлтірілген қыздың туыстары бұл шешіммен келіспей, апелляцияға бермекші. "Ол осыған дейінгі мерзімін толығымен өтемеген. Оны жақсы тәртібі үшін шығарып жіберген, сол себепті де бұл жолы да осылай істелінеді дегенге кепілдеме жоқ", - деді қыздың анасы Сәуле Сарбаева. 

Сонымен қатар, әйел адам сотталушыға тек "Адам өлтіру" бабы ғана тағылғаны және зорлық бойынша дәлелдің жоқ екенін айтқан. "Қандай дәлел керек? Екі айдан соң қызымнан ештеңе де қалмаған", - деді қыздың анасы. 

Осыған дейін Сарбаева қызын өлтірген адамның өмір бойына абақтыға тоғытылуын сұрайтынын айтқан еді. 

Айта кетейік, 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірген такси жүргізушісі ұсталған еді. "Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам кінәсін мойындады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.

Еске салайық, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. 

Назерке Әріп - биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.

Мұның алдында 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұраған еді. 

Ал 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети