28 тамыз 2017 09:49

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың анасы видеоүндеу жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұрады. Видеоүндеуді Қарлығаш Мудуарова есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.


Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұрады. Видеоүндеуді Қарлығаш Мудуарова есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

"Менің қызым Назерке биыл 10 шілдеде үйден шығып кетіп сол күйі оралмады. Менің қызымды біреулер ұстап немесе қамқорлығына алып отырған адамдар ана ретінде сұрайтыным біздің қызымыз аман-есен болсыншы. Сондықтан қызымызды үйге жіберулеріңізді сұраймыз. Сіздерді сосын іздестірмейміз деп уәде береміз. Ешқандай күмән болмасын. Қызым, Назерке, мені естіп, көріп отырсаң біліп қой, біз сені қатты жақсы көреміз. Үйге қайта ғой. Біз сені күтіп отырмыз. Сені реңжітсек, бізді кешір. Үйге оралсаң біз үшін үлкен бақыт болар еді", - делінген видеоүндеуде.

Сондай-ақ, жазбаның авторы өз кезегінде видеоүндеуді таратып, қолданушылардан іздестіру жұмыстарына көмектесуін сұрады. "Біраз уақыт өтті. Ал Назеркені әлі таппадық... Сіздерді тағы да сұрайтыным анасының видеоүндеуін тағы да қараңыздаршы. Назеркенің анасы қазір қандай сезімде екенін түсініп, көмектесесіздер деген сенімдемін", - деп жазды Қарлығаш.

Еске сала кетейік, Назерке Әріп биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети