06 қыркүйек 2017 13:59

Алматыда ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назерке Әріп Назерке Әріп

Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Назерке Әріп өлі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті қыздың отбасымен таныс адамдар айтты. Айтуларынша, қазіргі уақытта жерлеу рәсімі өтіп жатыр. 


Алматыда із-түссіз жоғалып кеткен 18 жастағы Назерке Әріп өлі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті қыздың отбасымен таныс адамдар айтты. Айтуларынша, қазіргі уақытта жерлеу рәсімі өтіп жатыр. 

"Иә, тапты... мәйітін. Қазір жерлеп жатыр", - деді іздестіру бойынша хабарландыру берген әйелдердің бірі. 

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатыр. 


Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Қыз медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. 

Назерке Әріп - биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған. Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты.

Мұның алдында 18 жастағы түлек Назерке Әріптің анасы қызды ұстап отыруы мүмкін деген адамдардан оны үйіне жіберуін сұраған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети