Зорлық қылмыстары бойынша ОҚО көш бастап тұр - Бас прокуратураның статистикасы

15 Тамыз 2017, 17:16
0
Зорлық қылмыстары бойынша ОҚО көш бастап тұр - Бас прокуратураның статистикасы - © dnepr.info
© dnepr.info

Қазақстанда зорлық қылмыстары бойынша ОҚО-да ең көп арыз түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі Комитетіне сілтеме жасап.

Бір айлық статистика бойынша, зорлық қылмыстары туралы арыз Оңтүстік Қазақстанда көп жазылады. Бұл өңірде полицияға бір айда 23 қыз-келіншек арыз түсірген. Ал өткен жылы мұндай кезеңде 46 арыз түсіпті. Екінші орында Алматы облысы - 21 (өткен жылы - 20). Үшінші орында Астана - 20 арыз (өткен жылы 19). Ал жалпы Қазақстан бойынша бір айда 174 зорлау оқиғалары тіркелген, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 30,7 пайызға аз.

Ал кісі өлтіру қылмысы бойынша Қарағанды облысы бірінші орында. Полицейлер бір айда 10 істі тіркеген. Екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы және үшінші орында Ақтөбе облысы - 8 дерек. Республика бойынша жалпы 77 кісі өлтіру оқиғасы болған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28,3 пайызға жоғары.

Ал ұрлық-қарлық оқиғалары бойынша алматылықтар ең көп арыз жазады екен. Оңтүстік астанада бір айжа 3516 іс тіркелген (өткен жылы - 3445). Екінші орында Астана - 1921 (өткен жылы - 1871). Үшінші орында ОҚО - 1756 (өткен жылы 1705). Республика бойынша ұрлық-қарлық оқиғалары өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға азайыпты. Бір ай ішінде ел полицейлері 16 769 іс тіркеген (өткен жылы - 17185).


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай