02 желтоқсан 2021 17:33

Қазақстандық модель Cardi B-дің жарнамасына түсті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алена Субботина Алена Субботина

Қазақстандық модель Алена Субботина танымал америкалық хип-хоп орындаушы Cardi B-дің жаңа өнімінің жарнамасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық модель Алена Субботина танымал америкалық хип-хоп орындаушы Cardi B-дің жаңа өнімінің жарнамасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алена Субботинаның агентіне хат жазу арқылы түсірілімге қатысуға жеке шақырылған. Жарнама Лос-Анджелесте Голливуд төбесіндегі үйде бір күнде түсірілген.

"Шынымды айтсам, оның музыкасымен таныс емеспін, мен үшін бұл жай жұмыс болды. Қалыпты дүние деп қарадым. Әпкеме айттым, ол кім екенін түсіндірді. Сөйтсем, бірнеше әнін біледі екенмін, бірақ оларды Cardi B орындайтынын білмеппін. Менің әуенге деген көзқарасым, стилім басқаша. Бірақ оны қатты құрметтеймін. Ол - еңбекқор әрі төменнен бастап бәріне қол жеткізген адам", - деді Алена Субботина.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cardi B (@iamcardib)

Алена Субботина - Алматылық, модельдік карьерасын 16 жасында бастаған. Ол 2011 жылы халықаралық деңгейде көрінді, Givenchy-дың шоуына шықты. 2012 жылдан бастап Алена ACNE, Fendi, Preen, Pringle of Scotland, Rick Owens, Daks, David Koma, Givenchy, Mara Hoffman, Roksanda Ilincic, Thierry Mugler, Tibi, Vivienne Westwood, Jean Paul Gaultier сияқты шоуларға қатысқан. 2014 жылы Armani және Adidas Originals-тің моделі болды. Сонымен қатар, Наталья Водианова, Фрэнки Райдер, Адриана Лима және Наташа Полимен бірге Париж сән апталығына қатысқан.

Күн сайын модель түсірілімге қатысып, жарты жылда 4-5 рет подиумға шығады. Ол туған қаласын жақсы көреді, сондай-ақ, модельдік жолын енді бастаған жерлестеріне көмектеседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alyona Subbotina ?? (@alyonasubbotina)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alyona Subbotina ?? (@alyonasubbotina)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alyona Subbotina ?? (@alyonasubbotina)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alyona Subbotina ?? (@alyonasubbotina)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alyona Subbotina ?? (@alyonasubbotina)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети