"Семей Аруы - 2021" анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Семей Аруы - 2021" атағын 21 жастағы Регина Крюкова иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Семей Аруы - 2021" атағын 21 жастағы Регина Крюкова иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің төртінші курсында оқиды. Болашақта құқық қорғау органдарына жұмысқа тұруды жоспарлайды.

"Кейбіреулердің жануарларға қарым-қатынасы мені қатты алаңдатады. Жануарларды қатты жақсы көремін, қаңғыбас, ауру жануарларға қараған кезде жүрегім ауырады. Жануарлардың қалай азап шегіп, қиналып жатқанын көрмеу үшін оларға арналған баспана ашқым келеді", - деді ол.

Сондай-ақ, модельдік агенттік ашуды жоспарлайтынын, мықты бет әрлеуші болғысы келетінін айтты. Ол спортпен, бимен, жүзумен айналысқанды ұнатады. Әлемнің түкпір-түкпіріне баруды армандайды.

"Бала кезімнен шығармашылыққа жақын болдым, сондықтан бет әрлегенде осы қырым ашыла түседі. Өзіме ұнайтын іспен айналысқанда, ләззат аламын. Бірақ басты арманым - ата-анамды бақытты ету. Сондықтан анама үлкен үй сатып алғым келеді", - деді ол.

Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін меңгерген. Регина тату-тәтті отбасында өскен.

"Анам мектепті үздік бітірген. Содан кейін екі жоғары білім алып, музыка мектебін бітірді, фортепианода керемет ойнайды. Бүкіл отбасымыз - өте шығармашыл жандар. Әжем бала кезінен спортшы. Қазір де гимнастикамен айналысады, үнемі шаңғымен сырғанайды. Бірнеше елде болған. Жас кезінен қаламыздың дамуына белсенді атсалысқан. Атам да әжем мен анам сияқты екі жоғары білім алған. Әуежайда авиатехник болып жұмыс істеген. Фортепианода, аккордеонда ойнай алады, әрқашан әзілдеп жүреді. Інім екінші сыныпта оқиды", - деді Регина отбасы туралы.

Алғаш рет өңірдегі байқаулар онлайн түрде өтіп жатыр. Жұлдызды қазылар алқасы 10 финалистің сауалнамасын қарап, фотосуреттері мен визиткаларын көрді, ZOOM-конференцияда қыздармен сұхбат өткізді. Алғаш рет көрермендер қазылар алқасының отырысын және қатысушылардың сұхбатын көруге мүмкіндік алды.
 
Қазылар алқасында актер Тәуекел Мүсілім, әнші Мәдина Сәдуақасова, "Қазақстан Аруы - 2013" иегері, тележүргізуші Айдай Исаева, KFW негізін қалаушы, дизайнер, стилист AlexChzhen бар.

Бұған дейін Әйгерім Сухинова "Атырау Аруы" атанса, "Түркістан Аруы" 18 жастағы Сұлтанбибі Шахапова, "Ақтөбе Аруы" - Назерке Карманова, "Павлодар Аруы" - Айдана Жұмабекова, "Орал Аруы" - Екатерина Кужекешова, "Алматы Аруы" - Азиза Тоқашева, "Қарағанды Аруы" - Анна Глубоковская, "Шымкент Аруы" Шұғыла Жақсыбекова болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro