Алматы Арбатындағы “Майкл Джексон“ шетелдіктерді таңғалдырды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Бейнеден кадрлар

Алматының Арбатындағы Майкл Джексонға ұқсас жігіттің өнері туристі таңғалдырды. Tengri Life көше әртісімен тілдесіп, мұндай хоббидің қанша табыс әкелетінін және поп-сахна аңызын сомдау қаншалықты қиын болғанын білді.


"Қазақстанның өз Майклы бар"

Оқырман WhatsApp нөмірімізге Алматы Арбатында түсірілген видеоны жолдады, онда көше әртісі поп-корольдің өзіне тән пластикасымен әйгілі қимылдарын орындап жатыр.

Жарнама
Жарнама

"Сіздерде Арбатта сондай керемет жігіт өнер көрсетеді екен - Майкл Джексоннан аумай билейді! Қазақстанда бәрі бар, тіпті өз Майклы да бар. Мен оны танымаймын, жай ғана туристпін, көшеде кездейсоқ көріп қалдым", - деп бөлісті қыз.

Бейне артында кім тұр?

Біз видео кейіпкерін таба алдық. Ол 28 жастағы алматылық Дассиз болып шықты. Күнделікті өмірде ол би студиясында хореографиядан сабақ береді және жеке іс-шараларда өнер көрсетеді, ал Майкл Джексонның аңызға айналған стилін соңғы сегіз жыл бойы шыңдап келеді.

"Маған Майклдың стилі қатты ұнайды. Ол әртіс әрі әнші ретінде керемет энергия бере білетін, көрерменді ерекше әсерде ұстайтын. Маған шабыт беретіні - дәл осы би стилі", - дейді Дассиз.

Оны қайдан көруге болады?

Әртіс Арбатта тек демалыс күндері өнер көрсетеді. Оның айтуынша, көрермендер әрқашан дерлік жылы қабылдайды, әсіресе Billie Jean әніне қойылған нөмірді қатты жақсы көреді.

Дассиз көшеге тек табыс табу үшін шықпайтынын айтады.

"Өзім үшін және өнерімнен ләззат алатындар үшін билеймін. Туристер мен қала тұрғындары Billie Jean-ге қатты қошемет көрсетеді - бұл композиция оларға бәрінен де көбірек ұнайды. Ал табысқа келсек, шағымым жоқ. Жалпы өмір сүруге жетеді", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Поп-корольдің соңғы сөздері: Майкл Джексонның өмірден өткенге дейінгі сәттері

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама