Ғалымдар Күннің жасырын жағын көріп таңғалды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Фото:depositphotos.com

Еуропалық Solar Orbiter ғарыш аппараты ұзақ уақыттан бері алғаш рет Күннің арғы бетінде не болып жатқанын көрсетті. Кейінгі айларда ғалымдар жіті бақылап келген алып белсенді аймақтар қарқынды түрде әлсірей бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды Tengri Life.


Solar Orbiter не көрді?

Бақылау кезінде Solar Orbiter Күннің Жерге қарама-қарсы бетінде болды. Осының арқасында аппарат жұлдыздың жерүсті телескоптарымен көру мүмкін емес бөлігінің кескіндерін жіберді.

Жарнама
Жарнама

Дәл осы жерде жақында ғана маусымның соңында кейінгі жылдардағы ең ірі құрылымдардың бірі саналған 4478 және 4479 алып белсенді аймақтары орналасқан болатын.

Алып аймақ жойылуға шақ қалды

Ғалымдар мәліметінше, осыдан небәрі екі апта бұрын кейінгі онжылдықтағы көлемі жағынан екінші орында болған 4478 белсенді аймағы айтарлықтай әлсіреген.

"Төменде орналасқан, мөлшері бойынша екі апта бұрын кейінгі онжылдықта екінші орында болған 4478 аймағы қатты әлсіреді, оның Жер бетіне қайта бұрылғанша (бұған тағы бір апта керек) сақталуы екіталай. Ал 4479 аймағы тұрақты", - деп хабарлады зертхана мамандары.

Осылайша, ең қуатты Күн аймақтарының бірі Жерге қайта бет бұрғанға дейін толық жойылып кетуі мүмкін.

Зерттеушілердің айтуынша, қазіргі уақытта Күнде әдеттен тыс тыныш кезең байқалады.

Solar Orbiter-дің рентген детекторлары да айтарлықтай белсенділікті тіркеп жатқан жоқ. Сонымен қатар биылғы жаз бойы қазіргі күн циклінде әлі бірде-бір ірі жарқыл болған жоқ.

Ғалымдар неге басқа болжам жасады?

Мамырда мамандар Күннің арғы бетінен орасан зор белсенді аймақты анықтаған болатын. Сол кезде ғалымдар оны 2024 жылы пайда болған ұқсас құрылыммен салыстырды. Оның әсерінен Жерде кейінгі 20 жылдағы ең күшті магнит дауылы болған еді.

Болжам бойынша, жаңа аймақ маусымда Жерге қарай бұрылып, қуатты жарқыл ошағына айналуы тиіс еді. Алайда Solar Orbiter кейінгі мәліметтері ең ірі белсенді аймақтардың бірі айтарлықтай әлсірегенін, ал жалпы Күн белсенділігі таңғаларлықтай төмен деңгейде қалып отырғанын көрсетеді.

Тағы оқыңыз: Ғалымдар ақырзаман қашан болатынын есептеп шығарды

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама