Ресей тергеушілері комик Семен Слепаковты сырттай қамауға алуды сұрады, - деп хабарлайды Tengri Life Ресей тергеу комитетінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, комик шетелдік агент міндеттерін орындаудан жалтарды деген күдікке ілінген.
"Ол Ресей Қылмыстық кодексінің 330.1-бабы 2-бөлігінде (елдің шетелдік агенттер туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындаудан жалтару) қарастырылған қылмысты жасады деген күдікке ілінді", - деді тергеу комитетінің баспасөз қызметі.
Семен Слепаковтың "шетелдік агент" ретінде жұмыс істеу ережелерін бұзғаны үшін бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. Шетелде тұрып жатса да, ол әлеуметтік желілерде жазбалар жариялауын жалғастырған, бірақ оларға заң бойынша міндетті мәртебесін көрсететін таңба (белгі) қоймаған.
Енді комикке іздеу жарияланды.
"Фигурантқа сырттай айып тағылып, оған іздеу жарияланды. Бүгін тергеу органдары Мәскеудің Басман аудандық сотына оған қатысты сырттай күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхат беруге ниетті", - деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, Лента.ру басылымының мәліметінше, Мәскеудің Басман аудандық соты комикті сырттай тұтқындауға санкция берген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде Семен Слепаковқа қарсы қылмыстық іс қозғалған болатын. Прокуратура мәліметінше, комик шетелдік агенттер туралы заңды жүйелі түрде елемеген. Әртіс әлеуметтік желілерде міндетті таңбалаусыз жазбалар жариялауды жалғастырған.
Қылмыстық қудалау 2026 жылдың ақпанында басталды, өйткені Слепаков шетелде жүріп, 2025 жылғы қазаннан бастап өз материалдарына шетелдік агент "белгісін" қоймай келген.