30 қыркүйек 2017 | 14:39

Алексей Луценко "Алматы турының" бірінші кезеңінде топ жарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Өмірбек Сансызбай © Өмірбек Сансызбай

"Алматы турының - 2017" веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 


Иконка комментария блок соц сети

"Алматы турының - 2017" веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Веложарыс биыл екі күнге созылып, екі кезең бойынша өтеді. Алексей мәре сызығын бірінші болып кессе, екінші орынға француз Реми де Григорио ие болды. Үшінші болып мәре сызығын ирандық Мирсамад Пур Сейед Голакхур кесті.

"Астана" велоклубы спортшыларының бірі Бақтияр Қожатаев мәре сызығына төртінші болып жетті.

Жарыстың екінші кезеңі 1 қазан күні "Халық Арена" маңынан басталып, велошабандоздар "Шығыс айналма жолы - Әл-Фараби" шеңберімен жүреді. Ал финалдық бөлігі Тұңғыш Президент саябағынан "Медеу" мұз айдынына дейін жалғасып, жеңімпаздар сонда анықталады.

"Алматы турының" жылдағы жүлде қоры - 39 900 еуро. Жарыс жеңімпазы 15 000 еуро алатын болады.

Айта кетейік, Алексей Луценко "Алматы туры" жарысының үш дүркін жеңімпазы.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 500.42   526.9   4.65 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети