22 қыркүйек 2016 17:00

Алматы тауларында веложолдардың құрылысы 2017 жылдың көктемінде басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматы тауларында веложолдардың құрылысы 2017 жылдың көктемінде бастау жоспарланған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне кәсіпкер әрі Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Баталов мәлімдеді.


Алматы тауларында веложолдардың құрылысы 2017 жылдың көктемінде бастау жоспарланған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне кәсіпкер әрі Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Райымбек Баталов мәлімдеді.

Қазір ұйымдастырушылар осы жобаны және таулы маршрутты белсенді түрде қала әкімдігімен талқылап жатыр. Кейбір мәселелерді ауыл шаруашылығы министрлігімен талқылау керек, себебі веложолдардың көп бөлігі қорықтардың территориясы арқылы салынбақ.

"Біздің белсенділер мен спортшыларымыз көп жерлермен жүріп өтті, олар іс жүзінде дайын. Жол бойында отыратын орындықтар мен бағдар көрсетіп тұратын белгілер орнатылады. Келесі жылдың көктемінде бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта біз рұқсат қағаздарымен жұмыс жасауымыз керек", - деді Баталов.

Велосипед спортының дамуы әлеуметтік қорының директоры Александр Макешин веложолдардың көп бөлігі Іле Алатауы ұлттық паркінде болатынын айтты. 

"Көбінде маршруттар Көктөбе тауының арғы жағында болмақ. Алайда Тұңғыш Президент саябағынан басталатын жол болады, ол ескі жапон жолымен Үлкен Алматы көліне дейін созылады. Жалпы маршруттар көп, оншақтысы картаға түсірілген, кейбір жолдар ауылдардың ішімен, саяжай маңынан өтеді. Бізді автомобильдер жүрмейтін жолдар қызықтырады", - деді сұхбаттасушы. Жолдың немен төселетінін айтар болсақ, қазіргі уақытта ұйымдастырушылар бағасы мен сапасы жақсысын іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети