08 қазан 2021 17:02

"Астана" велокомандасы атауын өзгертеді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Astana-Premier Tech велокомандасы 2022 жылы жаңа атауға ие болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі команданың сайтына сілтеме жасап.


Astana-Premier Tech велокомандасы 2022 жылы жаңа атауға ие болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі команданың сайтына сілтеме жасап.

Келесі маусымда қазақстандық веложоба Astana Qazaqstan Team деп өзгереді.

Qazaqstan - ағылшын тілінде транскрипциядағы Қазақстан атауының ең дәл, дұрыс атауы, халықаралық аренадағы мемлекеттің жаңа бренді әрі ежелгі дәстүрлерді, тілді, мәдениетті және қазіргі елдің даму стратегиясымен біріктіреді.

"2022 жылдан бастап біздің велокоманда Astana Qazaqstan Team деген жаңа атпен өнер көрсетеді, бұл еліміз үшін өте маңызды қадам. Мемлекетіміздің атауы велошабандоздардың формасында және команданың жаңа логотипіне енгізіледі, бұл дәстүр жалғастығының белгісі және еліміздің әлемдік аренадағы беделін көтеріп, отандық велоспортты дамытуға әсер етеді.

Жоба екінші рет жаңа леп алады, дамудың жаңа кезеңіне дайындалады. Қазақстан Республикасының Үкіметіне, командаға белсенді қолдау көрсететін "Астана" кәсіби спорт клубына ерекше алғыс білдіргім келеді.

Қазақстандық велоспорт федерациясы жаңа команданы дамытуда және алда талқыланатын жоспарларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынына қуаныштымын. Біздің федерация директорлар кеңесінде де, Astana Qazaqstan Team басшылығында да болғанына қуаныштымын. Біз отандық спортшылар мен мамандарға кәсіби дайындау бойынша федерация мен команданың жұмысын күшейтуді, сондай-ақ, Astana Qazaqstan Team кәсіби клубының қазақстандық велоспортқа терең дендеуін қарастырамыз", - деді Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов.

"Мен біздің команданың жаңа Astana Qazaqstan Team брендімен дамитынына қуаныштымын. Мен үшін осы команданың басшылығына қайта оралу - үлкен мәртебе. 16 жыл бойы "Астана" жобасы әлемдік спортта елімізді танытатын басты белгі болды. Мен Қазақстан Республикасы басшылығына ұзақ жыл бойы қолдау көрсетіп, сенім білдіргені үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді.

Astana Qazaqstan Team - бұл команданың жай ғана жаңа атауы емес, біздің спорттық брендті тығыз интеграциялауға және Қазақстан Республикасының ірі халықаралық серіктес ретінде ілгерілеуге арналған жаңартылған философиясы. Қазір жаңа маусымға дайындалып, қосымша жоба бойынша жұмыс істеп жатырмыз, оны жақын арада талқылайтын боламыз", - деді клубтың бас менеджері Александр Винокуров. 

Еске салайық, 2022 жылы Винокуров велокоманда басшылығына қайта келеді. Велоспорт бойынша әлемдік деңгейдегі жұлдыз Винченцо Нибали команда құрамында қайта ойнайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети