31 мамыр 2014 20:46

Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар үздік атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет  Vesti.kz сайтынан алынған Сурет Vesti.kz сайтынан алынған

"Велобәйгеден Қарағандыда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар жеңіс тұғырына көтерілді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Велобәйгеден Қарағандыда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық велошабандоздар жеңіс тұғырына көтерілді" деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

Жарыс қортындысы бойынша қазақстандық спортшылар19 медаль алды, оның ішінде 10-алтын, 6-күміс және 3 қола медальдар. Бәйге 27 мамыр мен 1 маусым аралығында өтеді. Онда 29 Азия мемлекеттерінен 204 спортшы қатысып жатыр.

Жеңіс тұғырының биігіне 172,7 шақырым қашықтықты 4 сағат 12 минут 19 секунда жүріп өткен қазақстандық Вадим Галеев көтерілсе, екінші орынды одан екі секунд қалып келген (4:12:21) тағы бір жерлесіміз Мақсат Аязбаев иеленді,  ал, үшінші орынға гонконгтық Чун Вин Люнг табан тіреді. Ал қазақстандық тағы бір спортшы Бахтияр Қожатаев бесінші болып мәрі сызығын кесті.

Құрама бапкері Владимир Ремыга Қожатаевтың командалық жеңіске үлкен үлес қосқанын айтады. Ол Чун Вин Лингтің араға килігіп кетуіне жол бермеген. "Гонконгтық велошабандоздың араға килігіп кету қаупі болды. Тактикалық күрес жүрді. Гонконгтық велошабандоз Бахтиярдың ең мықты спортшы екенін біліп, оның соңынан аңдумен болды. Соны пайдаланған біздің басқа спортшыларымыз оңай алға ұзап кетті" дейді бапкер.

"Винокуров, Фофонов және Илинскийлер жеңіс тұғырын толық иеленген индонезиялық фурордан кейін, біз бүгін жасөспірімдермен дуплет жасадық" деді қазақстандықтардың жеңісі туралы айтқан Ремыга.

1 маусым күні қазақстандықтарды ерлер арасындағы 210 шақырымдық элиталық топтық жарыс күтіп тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети