Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Фабио Ару UCI рейтингінде 20 саты жоғарылады

15 Қыркүйек 2014, 10:36
0

"Астана" велокомандасының италиялық шабандозы Фабио Ару "Вуэльта" көпкүндігінен кейін Халықаралық велоспортшылар одағының (UCI) рейтингінде 20 сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Халықаралық велоспортшылар одағының жаңартылған рейтингінде Фабио Ару 238 ұпаймен 19-орынға тұрақтады. Еске салайық, "Вуэльта" көпкүндігінде Фабио Ару ресейлік Tinkoff-Saxo командасының спортшысы Альберто Контадорға төрт минуттай жеңіліп, көпкүндік жарысты екінші орынмен аяқтаған болатын. "Астана" командасының тағы бір өкілі, "Вуэльта" көпкүндігіне қатыспаған, Винченцо Нибали тізімде төртінші орынын сақтап тұр. Жалпы UCI рейтингінінің бірінші орынында Альберто Контадор келеді. Оның еншісінде 620 ұпай бар. Екінші орында оның отандасы Алехандро Вальверде (Movistar, 606 ұпай) тұрса, үздік үштікті австриялық Саймон Герранс (Orica GreenEDGE, 478) түйіндеп тұр. 

Командалық есепте "Астана" ұжымы бір саты жоғарылап, 813 ұпаймен жетінші орынға көтерілді. Көш басында Movistar (1250) командасы болса, екінші орында ресейлік "Катюша" (1066) командасы. Үздік үштіктің қатарында AG2R La Mondiale (919) командасы бар.    


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай