26 мамыр 2014 13:51

Жас велотрекшілеріміз алтынмен апталып, күміспен күптелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото velotrek.kz сайтынан Фото velotrek.kz сайтынан

Велоспорттан Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан велошабандоздары үшін сәтті басталып, қоржынымызға тағы да екі медаль (бір алтын, бір күміс) түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Велоспорттан Астанадағы "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан велошабандоздары үшін сәтті басталып, қоржынымызға тағы да екі медаль (бір алтын, бір күміс) түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алғашқы екі күнде төрт медаль олжалаған велотрекшілеріміз Азия чемпионатының үшінші және төртінші күндері жүлделі орындарға іліге алмай, аузымызды құрғақ шөппен сүрткенбіз.

Жексенбі күні Диас Өмірзақовтан ерлік күткен едік. Алайда Диастың бағы жанбай, скретч бәйгесінде алтыншы орынды қанағат тұтты. Бірақ дәл осы күні жерлестеріміздің ешқайсысы Диастан жоғары нәтиже көрсета алмады. Сондықтан Өмірзақовтың бұл көрсеткішін де жоғары бағалаймыз.

Ал Азияның алпауыттары тізгіндерін тартар емес. Алғашқы төрт күн ішінде Қытай велотркшілері 10 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте көш бастады. Оңтүстік Корея велотрешілерінің жүлделері көп болғанымен, алтындары олардан кем түсіп, екінші орынға орналасты. Бұл елдің қоржынында 6 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль бар. Гонконг 3 алтын, 3 күміс, 4 қоламен үшінші орынға жайғасты.

Бірақ бүгін біздің велотрекшілер екі жүлде еншілеп, олардың өкшесін басты. Жасөспірімдер арасындағы 4000 метрлік командалық ізге түсу жарысында Қазақстан құрамасының қыздары (Екатерина Юрайтис, Надежда Женелева, Фаина Потапова және Светлана Рябова) бірінші орынға ие болып, алтынмен апталды.

Бозбалалар арасындағы тура осы бәйгеде Қазақстан құрамасының жігіттері (Асылхан Тұрар, Владислав Николаенко, Владимир Цой және Владислав Филипович) екінші орынға ие болып, күміс жүлдегер атанды. Олар бірінші орынды иеленген Корея құрамасына 3 секундтан сәл ғана асатын уақытпен есе жіберіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, Азия чемпионаты ересектер және жасөспірімдер арасында қатар өті жатыр. Тректегі жарыстар бүгін аяқталады. Содан соң Азия чемпионаты Астанадан Қарағандыға ойысып, ертеңнен бастап тас жолдардағы велобәйгелер өткізіле бастайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети