Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Винокуров ағайынды Иглинскийлердің дауына қатысты пікір білдірді

14 Қазан 2014, 11:01
0
Александр Винокуров. ©Ярослав Радловский
Александр Винокуров. ©Ярослав Радловский

"Астана" велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров ағайынды велошабандоздар Иглинскийлердің допинг қолдануы туралы дауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қалай болғанын әлі ешкім түсінген жоқ. Бұл бәріміз үшін таңғалатын жағдай. Astana Pro Team-ның барлық жарысушылары өздері қол қоятын келісім шарттың этикалық талаптары мен міндеттемелеріне бағынуы керек. Және бұдан басқа, команданың ішкі регламенттері бар, онда допинг рұқсат етілмегені нақты жазылған! Максимның бұл ережелерді сақтаудың маңызын түсінбегеніне қатты түңілдім. Ереже бәріне бірдей, кім болса да, қандай регалиялары болса да, қазақстандық немесе басқа ел өкілі болса да, бәрі оны сақтау керек", - деді Винокуров.

Оның айтуынша, команданың допингке қарсы бақылауы UCI мен WADA-ның барлық қатал талаптарына сәйкес. "Команда дәрігері жарысушылардың биологиялық паспорттарында бірқатар тексеріс жасады, мүмкін болған қауіптерді ескертетін ештеңе табылмады. Сонымен бірге, біз Туриндегі WADA тәуелсіз зертханасымен бірге жұмыс істейміз, зертхана ереже бұзушылық табылған жағдайда UCI-ге хабарлауға міндетті. Бірақ олар да команда спортшыларынан қандай да бір ереже бұзушылық таппады", - деді Винокуров.    

"Астана" бас менеджері UCI алдында жауап беретінін және команданың допингке қарсы ережелерін сақтайтынын дәлелдейтін құжаттарды тапсыратынын айтты. "Әрбір жарысушы командамен келісім шартқа қол қойған соң рұқсат етілмеген препараттарды қолданбауға міндетті болады. Мұндай препараттарды қолдану денсаулыққа ғана зиян емес, сонымен қатар команданың атына да кір келтіретінін бәрі түсінуі керек. Қайталап айтамын, команданың қатал ережелері жазылған ішкі регламенті бар. Біз, мүмкін, ішкі ережелері бар жалғыз команда шығармыз. Ағайынды Иглинскийлердің абыройсыздығын жұмсарту үшін бәрін жасағымыз келеді, сондықтан Қазақстанның велоспорт федерациясы жанында осы істі тексеретін тәуелсіз комиссия құрылды. Комиссия Максим мен Валентиннен жауап алады. Олардың дәрігерлер мен команда персоналының қарауынсыз EPO-ны қалай алғаны жайлы жауап ала алатынымызға үмітім бар", - деді Александр Винокуров. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Естеріңізге сала кетейік, "Астана" велокомандасы допингке тексерісі кезінде болымды нәтиже көрсеткен Максим Иглинскийді жарыстарға қатысудан шеттеткен болатын. Ал бұған дейін рұқсат етілмеген препаратты қолданғаны үшін Максимның ағасы Валентин де ұсталған еді. Оны Қазақстанның велоспорт федерациясы 4 жылға дисквалификациялады. Винокуров сол кезде Максим Иглинскийді көрмегенін, бірақ телефон арқылы тілдескенін айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай