27 шілде 2014 11:26

11 жастағы қарағандылық қуат беретін ерекше құрал ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдияр Божбанов. Фото: Елена Келлер Алдияр Божбанов. Фото: Елена Келлер

Қарағандыдағы № 101 мектеп-лицейінің оқушысы Алдияр Божбанов ұялы телефонды кез келген жерде қуаттап алуға мүмкіндік беретін ерекше құрал ойлап тапты. 11 жасар оқушы өзінің төл туындысын ересектерге арналған "Atameken StartUp" байқауына қатысып, жалпы құны 100 мың теңгеге пара пар ақшалай сыйлықты жеңіп алды, - деп жазады "Наша Ярмарка" газеті.


Қарағандыдағы № 101 мектеп-лицейінің оқушысы Алдияр Божбанов ұялы телефонды кез келген жерде қуаттап алуға мүмкіндік беретін ерекше құрал ойлап тапты. 11 жасар оқушы өзінің төл туындысын ересектерге арналған "Atameken StartUp" байқауына қатысып, жалпы құны 100 мың теңгеге пара пар ақшалай сыйлықты жеңіп алды, - деп жазады "Наша Ярмарка" газеті.

Байқаудың қазылар алқасы алдында ол ұялы телефонды кез келген уақытта және кез келген жағдайда қуаттап алудың тәсілін көрсетті. Жас өнертапқыш ойлап тапқан құрылғыға электр тоғы мүлде қажет емес. Оның құралы механикалық энергияны электр тоғына айналдыру негізінде іске қосылады.

Қондырғыны жұмыс істету үшін бар болғаны арнайы рычагты тартса жетіп жатыр. Сол уақытта магнитті аумақ пайда болады. Ол қондырғының ыңғайлысысол оны 4 жасар бала да іске қоса алады екен. Оның әмбебап және күннен энергия алатын екі түрі бар.

Алдияр сондай-ақ, өзінің ойлап тапқан туындысының өміршеңдігін дәлелдеп, қаржылық негіздемесіне тоқталды. Ал оған қажетті бөлшектер аса қымбат та емес. Жаңа қондырғының алғашқты түпнұсқасын өнертапқыш оқушы өзі жасап шығармақ.

Алдиярдың анасы Раушан Жамбекқызының жүрегін толқытқаны бір кәсіпкердің оның қасына келіп: "Сіздің болашағыныңыз осы бала!" деген сөз болыпты.

Раушан Жамбекқызы өнертапқыш ұлының бірінші сыныпқа 4 жасында барғанын, ал қазір ол жетінші сыныпқа дайындалып жатқанын айтты. "Балам өте көп оқиды, көп ізденгенінің арқасында көпшілікті таңқалдырумен келеді", - деді ол.

"Ол кез келген мәселеде өз бетімен шешім қабылдағанды қалайды", - дей келе сөзін былайша жалғастырады Алдиярдың анасы. "Білімін одан әрі жетілдіре бергенді жақсы көреді. Бірде мынадай қызық жағдай болды. Ұстаз менен балама мектеп бағдарламасынан тыс оқулықтарды бермеуді өтінгені бар. Себебі сабақта оның іші пысып, өз әлемінде жүретін көрінеді".

Алдиярда бұдан басқа қоқыстарды қалдықсыз өңдеуге арналған жобасын EXPO-2017 көрмесіне ұсынуды жоспарлап отыр. "Менің ойым адамдар қоқыстың ортасында қалмаса екен, көше бойларында іріп-шіріп тұрғындарды уламаса екен. Керісінше қоқысты да кәдеге жарата алсақ құба құп болар еді", - дейді Алдияр. - Менің жобаларымның ішінде суды өңдеу арқылы құрамын өзгертетін жоба да бар. Суды сутегіне айналдырып, көлікке жанармай орнына қолдануға да болады. Ал оттегін медицинаға пайданалса. Қыспа қондырғы арқылы баллонға биогазды енгізіп, тұрғындарға сатуға болады. Сол уақытта тұрғындар электр жарығы үшін ақша төлеп, Тұрғын үй шаруашылығының құлы болудан құтылады".

Алдияр өзінің ғаламдық идеясын алдымен оқып жүрген мектебінде, артынан туған ықшам ауданы "Гүлдерде" жүзеге асырмақ ниетте. "Биогаз қондырғысын тұрмыстық жағжайда болсын, өндірістік жағдайда болсын жинау аса қиындық туғыза қоймас", - деп толықтырды сөзін жас өнертапқыш. - Мәселен, мектеп ауласынан шыққан жапырақтар мен шыбықтарды жинап, оны электр жарығына айналдыруға болады. Бұл өз кезегінде метептің электр жарығына кететін шығынын азайтқаны былай тұрсын, айналаны таза ұстауға мүмкіндік береді",

"Бізде әкімдікпен де, кәсіпкерлер палатасымен де алдын ала келісіміз бар. Алдағы уақытта біз менің балам ойлап тапқан қондырғының алдымен Қарағандыда іске қосылса деген тілегіміз бар. Сонда біз қоқысты қалдықсыз өңдейтін алғашқы қалалардың бірі боламыз. Бұл - таза экология, тұрғындардың денсаулығы", - деді оқушының анасы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети