02 қаңтар 2015 21:41

2014 жылы Ресей ғарыш аппараттарын ұшырудан рекорд жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz мұрағатынан Тengrinews.kz мұрағатынан

2014 жылы Ресей ғарыш аппараттарын ұшыру жөнінен рекорд жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2014 жылы Ресей ғарыш аппараттарын ұшыру жөнінен рекорд жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Роскосмос"-тың мәліметінше, 2014 жылы барлығы 80 ғарыш аппараты ұшырылған. Оның 31-і мемлекет қажеттілігі үшін, бесеуі коммерциялық мақсатта іске асырылды және 44-і - шағын ғарыш аппараты.

Өткен жылы Ресей ғарыш ұшырылымдарының саны жөнінен бірінші орынды ешкімге бермеді. КСРО дәуірінен бері тұңғыш рет 38 зымыран ұшырылды. 

"Осы жылдың басты жетістігі деп "Ангара" тобынан шыққан тұңғыш зымыран тасығыштың "тууын" айтуға болады, олар 1990 жылдардың ортасынан бастап, қолға алынды. Ресейдің ғарыш саласы мен қорғаныс министрлігінің мамандары "Ангара-1.2" жеңіл сыныпты және "Ангара-А5" ауыр сыныпты зымыран тасығышын сынақтан сәтті өткізді", - делінген хабарламада. 

Сонымен бірге, 2014 жылы Ресейдің кәсіпорындары шетелдік тапсырыс берушілер үшін 3 ғарыш аппаратын жасап, іске қосқан. Олардың бірі 19 маусымда "Днепр" бағдарламасы бойынша 17 елдің 34 спутнигін орбитаға шығарған, бұл да рекорд болып отыр. 
 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети