20 ақпан 2015 13:15

28 наурыз күні Орталық Азияда 100-ден астам ғимараттың жарығы өшеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Үздіксіз даму" Жер қоры ©"Үздіксіз даму" Жер қоры

Орталық Азия жаһандық "Жер сағаты - 2015" шарасының басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Үздіксіз даму" Жер қорына сілтеме жасап. Биыл тек символикалық түрде жаппай жарық сөндіріліп қана қоймай, Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалуға арналған жобаларын қолдауға мүмкіндік беріледі. 


Орталық Азия жаһандық "Жер сағаты - 2015" шарасының басталғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Үздіксіз даму" Жер қорына сілтеме жасап. Биыл тек символикалық түрде жаппай жарық сөндіріліп қана қоймай, Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалуға арналған жобаларын қолдауға мүмкіндік беріледі. 

"Бүкіл дүниежүзіндегі адамдар үйлерінің жарығын ғаламшарға деген қамқорлығының белгісі ретінде сөндіретін "Жер сағаты" шарасының өтуіне аз уақыт қалды. Осы айдың ішінде кез келген адам www.acbk.kz сайтында көрсетілген бес жобының біріне қолдау көрсете алады", - делінген хабарламада.

Қордың басшысы Алан Бесеннің айтуынша, жобалар Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігін сақтап қалуға ғана емес адамдарға қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруді үйретуге бағытталған. "Жер сағаты" акциясын қолдауға арналған шаралар 28 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 20.30-да "Хан Шатыры" орталығында қорытындыланады. Бұл күні Қазақстан мен Орталық Азия бойынша көпке белгілі 100-ден астам мекеме мен ғимараттың жарығы сөндіріледі.

Қордың мәліметінше, бұл акцияны ҚР Энергетика министрлігінің "Жасыл экономика" департаменті, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Астана, Алматы мен аймақ әкімдіктері қолдап отыр. Шараға ресми тұлғалар қатысады деген болжам бар, акцияның ұраны: "Бүкіл әлем бір ғаламшар үшін!"

Айта кетейік, "Жер сағаты" - наурыздың соңғы сенбісінде Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры (WWF) жыл сайын өткізетін және халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге шақыратын шара. Акцияның мақсаты - әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру. Климаттың өзгеруіне қарсы бағытталған шараға бүкіл әлемнен 1,3 миллиардтан астам адам, 128 елдің 4616-дан аса қаласы, бір сағатқа электр қуатын өшіруге уәде берген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети