12 ақпан 2014 10:38

Ақтауда атом электр стансасы салынбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.kz сайтынан алынды Фото vesti.kz сайтынан алынды

Ақтауда (Маңғыстау облысының әкімшілік орталығында) атом электр стансасы салынбайды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. "Соңғы кесімді шешім шыққан жоқ. Бірақ үш аймақ, соның ішінде Маңғыстау облысы да тыңдалған үкіметтік комиссия болды. Әкім Алик Айдарбаев өз баяндамасында бұлтартпас дәлел мен мысалдар келтірді, енді Ақтаудың кандидатурасы (АЭС құрылысына байланысты - ИФ-Қ) қарастырылмайтын болды" деді сейсенбі күні телефон арқылы аталған агенттік тілшісі хабарласқанда Сенат депутаты Михаил Бортник. Бортник аталған отырысқа қатыспағандықтан әкімнің келтірген дәйектерін нақты айта алмайтынын жеткізді, алайда "жергілікті халық пен елді-мекен үшін қобалжу, өйткені біз бұрынғы артықшылықтарымызды жоғалтып алдық, мысалы, кадр мәселесі дегендей. Ал Шығыс Қазақстанның Курчатов қаласында мұндай мамандар бар " деп өз болжамымен бөлісті. 2006 жылдың қарашасында Қазақстан Үкіметі Маңғыстау облысының Ақтау қаласынан 10 шақырымда орналасқан бұрынғы атом энергокомбинаты базасында (МАЭК) жылдам нейтрондармен жұмыс істейтін АЭС құрылысына дайындық жүргізу туралы қаулы шығарған. Қазір бұл өндірістің көзі жойылған, отыны кәдеге жаратылған, ал комбинаттың өзі "Қазатомөндіріс" ұлттық атом компаниясы қарамағына өткізіліп берілген. Сонымен қатар АЭС-ті ресейлік және еуропалық өндірістегі ВБЭР-300 орташа қуатты реакторы негізінде салу туралы шешім қабылданған. АЭС жобасының инвестициялық негіздемесін ресейлік сарапшылар 2009 жылдың соңына дейін аяқтаймыз деп сендірген. Дегенмен 2009 жылдың ақпанында Қазақстан үкіметі бұл жобаны мерзімінен бұрын тоқтатты. Нақтырақ айтқанда, Ресеймен арада санаткерлік меншікті өткізіп алу туралы мәселені шешіп алғанға дейін. Биыл қаңтарда Президент Н.Назарбаев Үкіметке 2014 жылдың І-тоқсанына дейін атом электр стансасы орналасатын жерге қатысты мәселені шешуді тапсырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети