22 маусым 2017 11:05

Әлемді жаулап алғысы келген робот мінсіз жігіт қандай болуы керектігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлемді жаулап алғысы келген робот София ұлыбританиялық Good Morning Britain телешоуының эфирінде мінсіз жігіт қандай болуы керектігін айтып берді, - деп хабарлайды Lenta.ru. Ролик YouTube хостингінде пайда болды.

София есімді робот Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы айырмашылықты айта отырып, бағдарлама жүргізушілеріне ер адамның қандай болуы керек екенін айтып, көрермендерді күлкіге қалдырды. "Техникалық жағынан алып қарасақ, мен романтика жайлы ойлауға әлі тым жаспын", - деді робот өзінің ер адам парасатты, мейірімді және данышпан болуы керек екенін айта отырып.

Видео бір тәулікте 17 мыңнан аса көрілім жинаған.

Айта кетейік, адамға ұқсас София роботы 60-тан аса эмоциямен жұмыс істей алады. Роботтың көзінде арнайы камералар орнатылған. София роботын құрастырушы Дэвид Хансон (David Hanson) осы роботты жасағанда ұлыбританиялық актриса Одри Хепбернге қарап шабыт алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети