Астанада әлемнің жетекші инноваторлары бас қосады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада әлемнің жетекші инноваторлары бас қосады ©Аstex.kz

Астанада өтетін ASTEX-2014 халықаралық көрме-конференциясында Силикон алқабының инноваторлары баяндама жасайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Конференцияға шетелдің атақты спикерлері келеді - ірі компаниялардың басшылары, инвесторлар, бизнес-тренерлер, әлемдік интернет-бизнестің ойыншылары, аналитиктер. IEEE Computer Society компьтерлік қауымдастығының (радиоэлектроника мен электротехника бойынша стандарттар жасау саласының әлемдік көшбасшысы) президенті Рангачар Кастури ASTEX-2014 қонақтарына электронды коммерциядағы трендтер жайлы әңгімелейді. Оған Сars.com порталының құрылтайшысы, NewEgg компаниясының бас директоры Роберт Беллак көмектеседі.

Шетелдік меймандар семинарлар мен уоркшоптар ұйымдастырады. АҚШ-тағы бизнес-идеялардың ең алғашқы интернет-инкубаторы - IdeaLab компаниясының директоры Марк Гудштейн мен Rustic Canyon Ventures инвестициялық компаниясының серіктесі Дэвид Трэверс электронды бизнестегі инновациялық жобалар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын B2C және B2B бағыттарында дамыту туралы білімдерімен бөліседі. Amazon.com мен Blue Origin аэроғарыш компаниясының негізін қалаушы Джеф Безос пен онлайн-туризмнің әлемдегі ірі компаниясы - Expedia.Inc-тің бас атқарушы директоры Дара Хосровшахи өздерінің "ақылды" индустрия жасаудағы тәжірибелері жайлы айтатын болады. Қазақстан тарапынан Sat &amp Company директорлар кеңесі басқарма төрағасы Кеңес Рақышев, Choco Family СЕО-сы (бас атқарушы директор) Рамиль Мухоряпов және басқалар өз ойларын ортаға салады. 

Конференция мамырдың 19-20-сы күндері "ҚазМедиаОрталығы" телерадиокешенінде өтеді. ASTEX-2014 қатысушылары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының жетістіктерімен - голограмма технологияларымен, виртуалды киім өлшейтін жерлермен, 3D-принтерлермен танысады. Көрме-конференцияны ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі және "ИКТ-ны дамыту қоры" корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +25
Ақтау +36
Ақтөбе +32
Атырау +36
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +29
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +27
П
Павлодар +27
Петропавл +26
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +34
Түркістан +32
О
Орал +27
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер