31 наурыз 2014 16:22

Астанада әлемнің жетекші инноваторлары бас қосады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аstex.kz ©Аstex.kz

Астанада өтетін ASTEX-2014 халықаралық көрме-конференциясында Силикон алқабының инноваторлары баяндама жасайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада өтетін ASTEX-2014 халықаралық көрме-конференциясында Силикон алқабының инноваторлары баяндама жасайды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конференцияға шетелдің атақты спикерлері келеді - ірі компаниялардың басшылары, инвесторлар, бизнес-тренерлер, әлемдік интернет-бизнестің ойыншылары, аналитиктер. IEEE Computer Society компьтерлік қауымдастығының (радиоэлектроника мен электротехника бойынша стандарттар жасау саласының әлемдік көшбасшысы) президенті Рангачар Кастури ASTEX-2014 қонақтарына электронды коммерциядағы трендтер жайлы әңгімелейді. Оған Сars.com порталының құрылтайшысы, NewEgg компаниясының бас директоры Роберт Беллак көмектеседі.

Шетелдік меймандар семинарлар мен уоркшоптар ұйымдастырады. АҚШ-тағы бизнес-идеялардың ең алғашқы интернет-инкубаторы - IdeaLab компаниясының директоры Марк Гудштейн мен Rustic Canyon Ventures инвестициялық компаниясының серіктесі Дэвид Трэверс электронды бизнестегі инновациялық жобалар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын B2C және B2B бағыттарында дамыту туралы білімдерімен бөліседі. Amazon.com мен Blue Origin аэроғарыш компаниясының негізін қалаушы Джеф Безос пен онлайн-туризмнің әлемдегі ірі компаниясы - Expedia.Inc-тің бас атқарушы директоры Дара Хосровшахи өздерінің "ақылды" индустрия жасаудағы тәжірибелері жайлы айтатын болады. Қазақстан тарапынан Sat & Company директорлар кеңесі басқарма төрағасы Кеңес Рақышев, Choco Family СЕО-сы (бас атқарушы директор) Рамиль Мухоряпов және басқалар өз ойларын ортаға салады. 

Конференция мамырдың 19-20-сы күндері "ҚазМедиаОрталығы" телерадиокешенінде өтеді. ASTEX-2014 қатысушылары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының жетістіктерімен - голограмма технологияларымен, виртуалды киім өлшейтін жерлермен, 3D-принтерлермен танысады. Көрме-конференцияны ҚР Көлік және коммуникация министрлігі, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі және "ИКТ-ны дамыту қоры" корпоративтік қоры ұйымдастырып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети