06 ақпан 2014 19:24

Еліміздегі ГМО болашағы туралы министрлікте сөз болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Генетикалық өзгеріске ұшыраған азық-түліктің Қазақстандағы болашағы туралы Ауылшаруашылығы министрлігінде кеңінен талқыланды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халқына Жолдауында үкіметке құрғақшылыққа төзімді және гендік өзгерістегі өсімдік мәдениеті тәжірибелерін енгізуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысы генетикалық өзгеріске ұшыраған организмдер туралы халық аз ақпараттанғанын, сондықтан адамдар білмейтін нәрсесін тұтынудан қорқатынын, әйтпесе гендік өзгеріске ұшыраған азық-түлік мәдениетін дамыту Қазақстан үшін аса қажет екенін баса айтқан еді. Ауылшаруашылығы министрлігіндегілер гендік өзгеріске ұшыраған азық-түлік мәдениетін қалыптастыру ресурсты үнемдегіш технологияларды тиімді қолдануды арттырады, алайда Қазақстанда ГМО-ның өнімділігіне қатысты мәселе барын айтады. Өйткені жаңадан пайда болған сорттар, біздікі секілді құбылмалы емес, өте жайлы климатқа бейімделген. "Гендік өзгеріске ұшыраған азық-түлік тұқымын ірі өндірушілер бұл бағытта белсенді жұмыстар атқарып жатыр. Егістік алқаптарда мұндай сорттар пайда бола бастаса, онда біздің өсімдік құрамымыз айтарлықтай өзгеріске ұшырайды. Рентабельділігі төмен сорттар айналымнан шығып қалып, салдарынан ондай тұқымның өндірісі тоқтап қалуы ықтимал, - дейді ведомствадағылар. Сондай-ақ министрліктегілер Қазақстанда ГМО-ның пайда болуы гендік инженерия қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді реттейтін жүйені қалыптастыруды, азық-түлік құрамынан ГМО-ны анықтайтын зертханаларды өрістетуді қажет ететінін айтады. Бірақ соған қарамастан бүгінде қазақстандық ғалымдардың бір қатары селекция мен гендік инженерия саласына қатысты жобаларын ұсынуға дайын отыр. Мысалы, құрамында протеині көбірек, құрғақшылыққа төзімді бидайдың жаңа сорты қолданысқа енгізілген. Сол секілді селекционерлер еліміздің солтүстік өңірінде өсіруге қолайлы будандастырылған жүгері, Арал маңындағы құрғақшылыққа төтеп беретін күріш сортын да жасап шығарған. Сонымен қатар бидайық, арпабас, жоңышқа, беде сияқты жем-шөптің жаңа сорттары әзірленді. Мал шаруашылығы мамандары "Ақ Ырыс" және "Ертіс" деп аталатын сүтті сиырдың жаңа тұқымын ойлап тапқан. Олар қолданыстағы сиырдан екі есе артық сүт береді, әрі сүті майлы болады. "Етті миронос" атты қойдың жаңа тұқымының саны 350-ге жетіп қалды. Оның еттілігі кәдімгі қойдан 10 пайызға артық. Ауылшаруашылығы министрлігіндегілер Қазақстандағы ГМО-ға қатысты мәселелерді реттейтін заң жобасын Парламент Мәжілісіне қарауға бергенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети