07 қазан 2016 10:54

Физик ғалымдар уақыт кристалын ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kenneth C. Zirkel / Wikipedia © Kenneth C. Zirkel / Wikipedia

Америкалық физиктер әлемдегі алғаш квант кристалын ойлап тапты. Ол кристалл уақыт симметриясы қалай өзгеретенін көрсетеді, - деп жазады MIT Technology Review басылымы.


Америкалық физиктер әлемдегі алғаш квант кристалын ойлап тапты. Ол кристалл уақыт симметриясы қалай өзгеретенін көрсетеді, - деп жазады MIT Technology Review басылымы.

Ғалымдардың ойлап тапқан квант кристалы иттербия элементінің иондарынан құралған. Кристалдың түрі жүзікке ұқсайды. Зерттеуді теориялық жағынан алып қарағанда, ғалымдардың ойлап тапқан квант кристалы уақыт симметриясындағы өзгерістерді былай көрсетеді екен: яғни, жүзікке ұқсас кристалл өз осінің бойымен айналып, қозғалыста болады.

Осылайша ғалымдар иттербия элементі иондарынан құралған кристалдың қозғалысын бақылап келген. Физиктердің айтуынша, олар ойлап тапқан кристалдарды квант компьютерлерінде қолдануға болады. 

Сондай-ақ, 2012 жылы физикадан Нобель сыйлығының иегері атанған Фрэнк Вильчек есімді ғалым уақыт кристалы деген түсінік туралы алғаш рет айтқан болатын. Яғни, бұл ғылыми тәжірибе уақыттың тұрақты емес екенін, керісінше оқтын-оқтын өзгеріске ұшырайтынын көрсетеді. 

Айта кетейік, осыған дейін физиктер шағын квант компьютерін құрастырған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети