02 ақпан 2022 14:03

Ғалымдар әйелдерде төрт қатерлі ісік ауруының қаупін анықтайтын тест жасап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Ғалымдар гинекологиялық қатерлі ісік түрлерінің дамуын болжайтын тест әзірлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.


Ғалымдар гинекологиялық қатерлі ісік түрлерінің дамуын болжайтын тест әзірлейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Зерттеуді Eve Appeal еуропалық зерттеу кеңесімен қаржыландырады. Мұндай тест үшін жатыр мойнының скринингі кезінде жиналған үлгі қажет болады.

Зерттеу барысында ғалымдар аналық без қатерлі ісігі бар 242 әйелдің және 869 әйелдің жатыр мойны жасушаларының үлгілерін қолданған. Осы үлгілердегі өзгерістерді талдағаннан кейін олар аналық бездің қатерлі ісігін анықтауға немесе болжауға болатын ерекше ДНҚ компонентін анықтаған.

Тағы бір зерттеуде ғалымдар жатыр мойны жасушалары үлгілеріндегі өзгерістерді сүт безі қатерлі ісігі бар 329 әйел және аурусыз 869 әйелді талдаған. Табылған ДНҚ компонентінің арқасында олар сүт безі қатерлі ісігі бар әйелдерді анықтай алды.

"Біздің зерттеулеріміз мүлдем жаңа тәсілді қолданады. Біз жатыр мойны скринингінің бір үлгісінде бірнеше түрлі эпигенетикалық іздерді бағалау арқылы қатерлі ісіктің бірнеше түрінің жеке даму қаупін бағалаймыз", - деді Инсбрук университеті мен Калифорния университетінің зерттеу жетекшісі профессор Мартин Видшвендтер.

Оның сөзінше, тест қатерлі ісік ауруының қаупін білдіретін ДНҚ компонентін анықтай алады.

"WID тесті қатерлі ісік ауруының алдын алу мен анықтауға жеке көзқарасты қамтамасыз етеді", - деп толықтырды Видшвендтер.

Eve Appeal ұйымы әйелдер қатерлі ісіктің төрт түрінің әрқайсысының бағасын біліп отыра алады. Осының арқасында асқыну қаупі жоғары әйелдерге бақылау, тұрақты маммография, қауіпті азайту операциясы немесе терапия ұсынылады.

Басылым мәліметінше, бүгінде аналық без қатерлі ісігімен ауыратындардың 75 пайызына диагноз қойылған, ал ауруды ерте анықтап жатса, емдеу нәтижелерін жақсарта алады. Сүт безі қатерлі ісігі әйелдерде ең көп кездесетін қатерлі ісік түрі болып табылады және әдетте маммография арқылы анықталады, содан кейін биопсия жасалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети