07 қыркүйек 2015 12:02

ХҒС экипажы Интернетке Астананың және Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter © Twitter

Халықаралық ғарыш станциясы экипажының мүшелері Интернетке Астананың және Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Халықаралық ғарыш станциясы экипажының мүшелері Интернетке Астананың және Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданың ғарыштан түсірілген суретін NASA астронавты Скотт Келли Twitter парақшасында жариялады. "Қайырлы таң, Қазақстан! Айдан Айымбетовпен Ғарыш станциясының бортында бірге болған жақсы. Оның жағдайы керемет!", - деп жазды ол.

NASA астронавты Скотт Келлидің (Scott Kelly) Twitter парақшасында жарияланған сурет 

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов та ғарышта түсірілген суреттермен бөлісті. Ол Twitter парақшасында Каспий теңізінің суретін жариялады.

Қазақстандық ғарышкер Айдвн Айымбетовтың Twitter парақшасында жарияланған сурет.

Еске сала кетейік, Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз-ФГ" тасымалдаушы зымыраны ғарышқа ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон бар.

Ұшар алдында ғарышкерлер жақындарымен қоштасты. Ұшуға бірнеше сағат қалғанда экипаж Росғарыш басшысы Игорь Комаровқа ұшуға дайын екендігі жайлы есеп берді. Осыған дейін Айдын Айымбетов, Сергей Волков және Андреас Могенсен "Земляне" тобының әнімен Байқоңыр қаласындағы "Космонавт" қонақүйінен шығып, "жұлдызды" автобуспен "Энергия" корпорациясының монтаж-сынақ корпусына дейін барды. Онда олар скафандрларын киді. Дайындық жайлы есеп берілгеннен кейін ғарышкерлер ғарыш кемесіне отыруға аттанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети