23 қазан 2014 20:52

Қазақ пернетақтасының авторлары өндірісті Қазақстанға көшіру үшін қаржы іздеп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото reuters.com сайтынан Фото reuters.com сайтынан

Қазақ пернетақтасының авторлары гаджет өндірісін Қазақстанға көшіру үшін қаржы іздеп жүр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне осы жобаның жетекшісі Медет Тұрғамбаев мәлімдеді. Әзірше қазақ пернетақтасы аздаған көлемде Қытайда шығарылады.


Қазақ пернетақтасының авторлары гаджет өндірісін Қазақстанға көшіру үшін қаржы іздеп жүр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне осы жобаның жетекшісі Медет Тұрғамбаев мәлімдеді. Әзірше қазақ пернетақтасы аздаған көлемде Қытайда шығарылады.

Тұрғамбаев үш мыңға жуық қазақ пернетақтасының Қазақстан мектептеріне таратылғандығын айтып отыр. Жасап шығарушылар пайдаланушылардың гаджет туралы пікірлерін де алған, олардың 80 пайызы көңілдері толатындығын білдірген. Сонымен қатар жоба авторлары патент алу үшін құжаттарын өткізген. Бұл олардың қаржы грантын  алу үшін Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікке (ТДЖҰА) өтініш жасауына мүмкіндік береді. "Сонымен қатар, Қазақстандағы барлық мектептерді осы пернетақталармен қамтамасыз ету үшін, Үкіметтік деңгейде тапсырыс берушілерді іздеу жұмыстары жүргізілуде", - дейді жоба жетекшісі. 

"Қазір құжат айналымы екі тілде бірдей жүргізілуде. Біз пернетақтамен тек мектептерді ғана емес, ұлттық компанияларды да қамтамасыз етуге ниеттіміз", - деп қосты Тұрғамбаев. Бұл ретте ол жобаны қаржыландыру пернетақта жасап шығаратын жабдықтарды сатып алу үшін керектігін атап өтті. Олар пернетақталарды "Алатау" инновациялық технологиялар паркі" ЕЭА базасында жасап шығаруға ниетеніп отыр.

Айта кетейік, қазақ пернетақтасы тұсауы кесілгеннен бері бірқатар өзгерістерді басынан кешті. Бұрын айрықша пернелері гаджеттің шеттеріне орналастырылған болатын, енді олар ортасына шоғырландырылған. Сонымен қатар мультимедиалық бағдарламаларды басқаратын пернелер де қосылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети