17 қыркүйек 2015 15:42

Қазақстандықтар депутаттармен енді телефон қосымшасы арқылы байланыса алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Prostolinux.ru © Prostolinux.ru

Қазақстанда "Менің депутатым" атты телефон қосымшасы пайда болады. Қосымша арқылы кез келген азамат шенеуніктермен тікелей байланыса алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл жоба алдымен Қарағанды облысында пайда болады, кейін Қазақстанның басқа да өңірлеріне таралады.

Телефон қосымшасының авторы Шыңғыс Лепсібаевтың айуынша, бұған ұқсас қосымшалар шетелде де жоқ. Ол телефон қосымшасының демо-нұсқасын қазан айында Қарағандының үш бірдей қаласында - Қарағанды, Саран және Теміртауда іске қосуды жоспарлап отыр. Осы қалалардың тұрғындары облыстық мәслихаттың депуттаттарымен байланысады. Егер жоба іске асып жатса, кейін Қазақстанның басқа да өңірлерінде қосылады.

"Менің депутатым" қосымшасын жасау туралы ой маған шетелдерге шыққаннан кейін келді. Басқа жақтарда депутаттармен байланысу оңай. Ал Қазақстанда халық қалаулылары бір-бірін дұрыс білмейді. Өңірлік мәслихаттың депутаттары бір-бірімен араласып, тәжірибелерімен бөліспейді", - деді Лепсібаев. Бүгін, 17 қыркүйекте жоба депутаттарға таныстырылды.

Қосымша авторы халық өз депутатының жұмысымен үнемі танысып отыра алатынын айтты. Қосымшаны смартфоны барлар қолдана алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети