1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Даму

NASA зәулім үйдің үлкендігіндей астероидтың Жерге жақындап келе жатқанын ескертті

© Fotolia / 3000ad © Fotolia / 3000ad

NASA зәулім үйдің үлкендігіндей астероидтың Жерге жақындап келе жатқанын ескертті, - деп хабарлайды РИА Новости.

NASA мәліметтері бойынша, 2002 AJ129 астроидының үлкендігі көпқабатты үйдей болады. Ол 4 ақпанға қарай планетаға тым жақындай түседі, алайда ол кездің өзінде арақашықтық Жер мен Айдың арасындағы алшақтықтан он есе үлкен болады. 

"Астероидтың көлемі түрлі бағамдар бойынша 0,5-1,2 шақырым аралығында, ал жылдамдығы - секундына 34 шақырым", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ғалымдардың пайымдауынша 2002 AJ129 астроиды "қауіпті" деп саналғанымен, оның Жермен соқтығысу ықтималдығы нөлге тең.